Heleo4™ фотодинамикалық бет терапиясы әжімдерді теріден
Әлемде алғаш рет, тек GEN87-де!
Heleo4™ фотодинамикалық бет терапиясы әжімдерді теріден тура мағынасында өшіреді, тамыр торын және куперозды жояды, безеулерді жеңеді. Ол теріні мінсіз етеді. Қандай кемшіліктермен күрессеңіз де, жаңа әдістеме олардың көзін жоюға көмектеседі!
Heleo4™ 6 артықшылығы
Өшіргіш сияқты әсер етеді. HELEO4™ – екі инновацияның синергиясы. Төртінші буын Сферометаллохлорин™ фотосенсибилизаторы «ақаулы» жасушаларды табады, LED-шамдардың жарығы оларды жеңіл түрде жояды. Тері жасушалық деңгейде жаңартылып, тазартылады.
Су жаңа жастық формуласы. HELEO4™ препаратымен жасушалық жасарту үшін, тек спирулина балдырынан алынатын биологиялық белсенді заттардың негізіндегі фотосенсибилизатор жасалады.
Құны алтынға тең. 25 кг спирулинадан тек 100 гр құнды зат – Е6 хлорині өндіріледі. Революциялық препараттың жаңа формуласының арқасында, бұл ингредиент алғаш рет оңай қолданылады. Гель күндізгі жарық кезінде жағылады, ұзақ ұстауды қажет етпейді және теріге толықтай енеді.
Жарық күші. HELEO4™ фотосенсибилизаторы жарық сәулесі толқынының белгілі бір ұзындығы кезінде тиімді әсер етеді. Оның әсері максималды және бақыланатын нәтиже беруі үшін, оған арналып арнайы HELEO4™ шамы жасалды.
Оңалту кезеңі қажет емес. Процедура ісіну мен қабыну реакцияларын тудырмайды.
Теріні тазарту. Мегаполис тұрғындары үшін бұл процедура аса маңызды, себебі ол еркін радикалдардың әсерінен болатын ерте қартаюға жол бермейді және терінің солуын тоқтатады.
Терінің солуы жасушаның қартаюынан басталады
Ұзақ жылдар бойы теріңіздің табиғи жас және әдемі болып қалуы үшін, 30 минут ішінде ауырсынусыз, ісінусіз және қабынусыз қартаюшы жасушалардың көзін жойыңыз.
Әсер ету механизмі
Сферометаллохлорин™ фотосенсибилизаторы бар инновациялық гель нағыз терінің терең қабаттарына еніп, «ақаулы» жасушалардың мембраналарын нүктелі түрде таңбалайды.
Жарықтың кванттық бөлшектері ерекшеленген аймақтарға ұмтылады. Зақымдалған жасушаларда жылдам апоптоз (өзін-өзі жою) үдерісі жүреді.
Сау жасушаларға бұл жағдайда ештеңе болмайды. Тері тіндері барлық деңгейде жаңартылып, қайта үлгіленеді.
Heleo4™ жасушалық жасарту нәтижесі

-
Табиғи лифтинг
-
Терінің серпімділігі жоғарылайды
-
Реңкі тегістеледі
-
Тері құрылымы жақсарады
-
Тамыр торы жойылады
-
Ұсақ тесіктер тарылады
-
Себум реттелімі қалыптанады
-
Патогенді микрофлора жойылады
-
Терінің иммунитеті жақсарады
-
Беттік пилинг әсері
Жасушалық тазарту дегеніміз не және неге «ақаулы» жасушаларды жою маңызды?
Кез келген жасарту процедуралары жасушалардың бөліну үдерістерін ынталандыруға бағытталған. Алайда, алдын ала жасушалық тазартусыз регенерация процестерін белсендіре отырып, 100% сапалы нәтиже алу мүмкін болмайды, өйткені ондай кезде тек сау ғана емес, мутацияланған (ескі, зақымдалған) жасушалар да бөлінеді.
HELEO4™ бағдарламасы «ақаулы» жасушаларды нүктелі түрде жояды және тері тінін сапалы түрде тазартады. Бағдарлама монопроцедура ретінде де, кешенді терапияда да қолданылуы мүмкін. Тұрақты қолданған жағдайда, HELEO4™ қартаюды тоқтатады.
HELEO4™ препаратындағы Е6 хлорині несімен ерекше?
HELEO4™ құрамында ең таза Е6 хлорині – спирулинаның қара-жасыл балдырларынан бөлінетін бағалы зат бар. Бұл – жарықтық терапия үшін таптырмайтын, жарықтың әсеріне сезімтал белсенді түрдегі хлорофилл. Құрамдастың ерекше қасиеттеріне қарамастан, HELEO4™ әдістемесі пайда болғанға дейін, оны косметологияда қолдану іс жүзінде мүмкін болмады. Е6 хлоринінің бүгінгі күнге дейін белгілі барлық түрлері әлсіз сіңгіш қабілетке ие болды, ерекше қолдану жағдайларын талап етті және эпидермисті жасыл түске бояды.
HELEO4™ нағыз терінің терең қабаттарына кедергісіз еніп, күндізгі жарық кезінде қолданыла алады және теріде із қалдырмайды.
Жасушалық деңгейде жасарту қауіпсіз бе?
Фотосенсибилизатордың химиялық құрылымы гемоглобин құрылымына ұқсас. Хлорофиллді емдік мақсатта қолдану ағза үшін табиғи шара болып табылады, ісіну және қабыну реакциялары түрінде жанама әсерлерді тудырмайды. Бүкіл әлем бойынша хлорин тобының фотосенсибилизаторлары ең нәтижелі және қауіпсіз деп танылған.
HELEO4™ фотодинамикалық терапиясы безеуді емдеуде тиімді ме?
Бағдарлама безеуді емдеуде тамаша нәтижелер көрсетеді. Препараттың белсенді заттары өзгерген метаболиттік белсенділігі бар жасушада іріктемелі түрде жиналады. Көк спектрдің жарық кванттары фотохимиялық реакция тудырады, нәтижесінде жасушалық құрылымдарда шартты патологиялық жасушалар, бактериялар мен вирустар іріктеп жойылады. Процедуралар курсы терідегі бөртпелерден құтылуға мүмкіндік береді.
HELEO4™ фотодинамикалық терапиясы тамыр ақауларынан құтылуға көмектеседі ме?
Бұл процедура «жайылма» сипаттағы тамыр патологиялары, тері қартаюының тамырлы түрі, тіндердегі қан айналымының бұзылысы бар емделушілерге қолдануға көрсетілген. Патологиялық қылтамырларды жоюға көмектеседі, купероз бен розацеаны кешенді емдеуде таптырмайтын әдіс болып табылады.