Medik8 күтім процедуралары
Medik8 сауда маркасы - салыстырмалы түрде жас бренд, ол Ұлыбританияда 12 жыл бұрын фармакологтар мен биохимиктердің зерттеу командасының қызмет нәтижесі ретінде пайда болды. 2008 жылы жаңа кәсіби косметика желісі пайда болды.
Косметология мен медицина синтезі Medik8 препараттарының негізіне айналып, осы марканың дүниежүзілік танымалдығын қамтамасыз етті. Ол терінің жас шамасына байланысты өзгерістері, аса сезімталдығы, гиперпигментация, акне және құрғақтық тәрізді проблемаларды шешуге бағытталған.
ПРОЦЕДУРАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
«Beta-тазарту»
Әр түрлі ластанулар теріге еніп, тесіктерді бітейді, инфекцияның дамуына түрткі болып, тері иммунитетін төмендетеді, оны кейіннен қабынуға сезімтад етеді. «Beta-тазарту» процедурасы май тбездерінің жұмысын қалыпқа келтіруге, теріні терең тазартуға, комедондарды жоюға, кеңейтілген тесіктерді кішірейтуге, тері түсі мен текстурасын тегістеуге көмектеседі.
«Ақ балансы»
Күн көзінде ұзақ болу, гормоналдық бұзылулар, генетикалық бейімділік, акне, сондай-ақ бірқатар ішкі және сыртқы факторлар меланоциттер белсенділігінің артуына және пигмент дақтарының пайда болуына алып келеді. «Ақ балансы» процедурасы теріні ағартуға, меланиннің түзілуін қалыпқа келтіруге, эпидермистің нығыздалуына жәрдемдеседі. Акнеден кейін түзетеді, шылым шегушілерде тері күйін жақсартады, «шаршаңқы» теріге тонусты қайтарады.
«Ағылшындық сұлулық»
Уақыт өте келе терінің құрылымы бұзыла бастап, қартаю белгілері біліне бастайды – ым-ишарат әжімдері, эпидермистің жұқаруы, тонустың төмендеуі, түстің өзгеруі, құрғақтық. «Ағылшындық сұлулық» процедурасы жасушалардың хронологиялық қартаюын бәсеңдетеді, фотобүлінулердің пайда болуын түзетеді, тері қартаюының алғаш белгілерін жоюға көмектеседі.
«Патшайым құпиясы»
Тері икемділігінің азаюы және оның жұқаруы, мимика әжімдерінің пайда болуына әкелетін бет бұлшық еттерінің қысқаруы, ылғалдың табиғи жойылуы, гормоналдық теңсіздік, зат алмасуының бәсеңдеуі. Қартайып бара жатқан терінің осы белгілері қоршаған ортаның зиянды әсерімен, сондай-ақ салауатсыз өмір салтымен одан бетер шиеленісе түседі. Қартайған тері үшін тек жасарту препараттарын пайдалану жеткіліксіз. Жас өзгерістерін түзету үшін қарқынды және белсенді компонттер қажет.
«Red Alert»
Күйзелік иммунитетті төмендетіп, жасушаның қалыпты қызметін бұзады. Сыртқы және ішкі факторлар терінің нәзік балансын және табиғи жасуша механизмдерін бұзады. Бұл бұзушылықтар тітіркену, қышыну, қабыну, аса сезімталдық пен терінің құрғақтығын туғызады. «Red Alert» процедурасы күйзеліс белгілерін – қабынуду, жоғары сезімталдықты, тітіркенуді азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар терінің иммундық қорғанысының күшеюіне жәрдемдеседі.
«Белсенді ылғалдандыру»
Терінің негізгі типтерінің бірі – құрғақ тері – тартылу, қабыршақтану, ұсақ тесікті құрылым, боз реңк және тез пайда болатын тітіркену тәрізді сезімдер арқылы көрінеді. Объективті түрде терінің құрғақтығы су және липидтік зат алмасудың, тер және май бездері қызметінің бұзылуымен, рН әлсіз қышқылды реакциясымен (қышқылды-сілтілі күйімен) сипатталады. Терінің қалыпты қызмет етуінің және оның жақсы сыртқы түрінің негізгі шарттарының бірі жеткілікті гидратация (ылғалдану) деңгейі болып табылады.
«Белсенді ылғалдандыру» функциясы терінің гидролипидтік балансын, кедергі функцияларын қалпына келтіреді, мүйізді қабатты ылғалдандырады, тері тығыздығын, оның икемділігі мен тонусын жақсартады.
«Пилингтен кейін қалпына келу»
Пилинг – терінің жай-күйі мен сыртқы түрін жақсартуға арналған ең танымал процедуралардың бірі. Пилингтің осы косметикалық процедура арнап жүргізілетін бірқатар жағымсыз салдары бар. Бұл нәтижелердің пайда болу дәрежесі тікелей эпидермис типіне, мүйізді қабаттың қалыңдығына, тіндерге әсер ету нұсқаларына және белсенді факторлардың ену тереңдігіне байланысты. «Пилингтен кейін қалпына келу» процедурасы регенерациялайтын бағдарламаны білдіреді, ол терінің ылғалмен қанығуына, оның икемділігінің артуына жәрдемдеседі, пилингтен кейінгі тітіркенуді жояды. Терінің энергетикалық әлеуетін қалпына келтіріп, жоғарылатады, жаңартылған жасушаларды бос радикалдардан қорғайды.
Пилингтер
«Көздің айналасындағы теріге арналған пилинг»
Жасушалардың жаңаруын мен регенерациясын ынталандырады, ылғалдануды, гиперпигменттенудің азаюын, тері текстурасының жақсаруын қамтамасыз етеді, қара дақтарды, әжімдерді түзетеді.
«Жасартушы пилинг»
Процедура тері жасушаларының бөлінуін ынталандырады, әжімдердің анық білінуін азайтуға, ДНҚ қорғанысын және жасушалар функциясының жақсаруына септеседі, коллагеннің бұзылуының алдын алады, жас өзгерістері кезінде тері текстурасын жақсартады.
«Beta-пилинг»
Процедура тері жасушаларының бөлінуін, ДНҚ қорғанысы мен жасушалар функцияларының жақсаруына, май бездері секрециясының азаюына, бітелген саңылаулардың ашылуына септеседі. Бактериялық акнемен күреседі. Іздер мен пигмент дақтарының азырақ білінуіне, тері түсі мен текстурасының жақсаруына жәрдемдеседі.
«Ағартқыш пилинг»
Процедура тері жасушаларының бөлінуін, ДНҚ қорғанысы мен жасушалар функцияларының жақсаруына, пигмент дақтарының аз білінуіне, әжімдердің тегістелуіне, тері түсі мен текстурасының жақсаруына жәрдемдеседі.
«Джесснер пилингі»
Әмбебап процедура гиперпигментация учаскелерін ағартуға және күн көзінен пайда болған бүлінулерді, жас өзгерістерін, акне мен постакне белгілерін азайтуға септеседі. Процедура барысында күшті, біртекті қабыршақтануға қол жеткізіледі.