Ультрадыбыстық пилинг

УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ПИЛИНГ
Теріні ұзақ жылдарға жас және балғын күйінде сақтағысы келетін пациенттердің негізгі әрі тұрақты процедураларының бірі – ультрадыбыстық пилинг. Ол терең ластануларды тиімді жоюға, тері саңылауларын тарылтуға, теріні балғындандыруға және ынталандыруға мүмкіндік береді.
Ультрадыбыс терінің қабыршақты қабатын қопсытып, мүйізді қабыршақтарды мұқият түлетеді. Осындай тазалау көмегімен жалпы қабынуға қарсы, бактерицидті, дефиброздайтын, қалпына келтіретін, гидраттайтын әсерге қол жеткізіледі.
Терідегі зат алмасу процестерін қолдап, оның балғын және таза сыртқы келбетін сақтау үшін жасушалардың белсенді бөлінуі үшін терінің мүйізді қабатының жаңаруын уақытылы ынталандыру аса маңызды. Осылай, жасушалардың жаңаруын жылдамдату тәсілдерінің бірі жоғарғы жансызданған қабыршақтарды жойып, тіндердегі зат алмасу процестерін ынталандыратын қарқынды ультрадыбыстық толқындардың әсері болып табылады.
Ультрадыбыстық пилинг ешбір ластанусыз және ауытқусыз жас тері үшін көрсетілген. Теріде комедондардың түзілуіне бейімділік болған жағдайда, УД әсерді беткейлік химиялық пилингпен үйлесімде қолдануға болады. Тұрақты қабынулар кезінде ультрадыбыстық пилинг оларды жұмсартып, одан әрі қолмен немесе механикалық тәсілмен жоюға көмектеседі.
Осындай күтімнен кейін тері балғын таза өң алады. Алайда, егер теріде іркілген дақтар, қалыптасқан комедондар, қабыну элементтері түрінде анық бейнеленген өзгерістер болса, онда олармен барынша қарқынды, кешенді жұмыс жүргізу қажет.