Татуировканы, татуажды жою
Татуировка – тері жабынын зақымдау жолымен тері астына бояғыш заттарды енгізу көмегімен алынған, денедегі перманентті (тұрақты) сурет.
Бояғыш заттарды енгізумен теріні зақымдау арқылы пайда болған адам денесіндегі кез келген суретті татуировкаға жатқызуға болады.
Жіктелуі:
Тұрақты татуировкалар көп таралған түр болып табылады және жоғарыда аталған тәсілмен салынады.
Уақытша татуировкалар белгілі бір уақытқа жасалады: әдетте, бір айға және одан артық. Салу үшін қынаны немесе химиялық/биологиялық бояғыштарды пайдаланады.
Косметикалық татуировкаларды көбінесе тыртықтарды, тері дақтарын және басқа да «ақауларды» жабу үшін жасайды.
Сонымен қатар косметикалық татуировкаға пенманентті деп аталатын қастардың, қабақтар мен еріндердің татуажы да жатады. Бұл жағдайда пигмент эпидермистің жоғарғы қабатына жағылады.
Перманентті макияж 1 жылдан 5 жылға дейін сақталады.
Өкінішке қарай, татуировкалардың барлығы пациенттің бастапқы қалауын қанағаттандырмайды, сол себепті сапасыз әрі кәсіби емес татуировкаларды түзету бойынша процедура барынша сұранысқа ие болуда.
Емдеу:
Q-swithed HARMONY ALMA – татуировкаларды лазермен жоюдағы «алтын стандарт». Бүгінгі күні косметологиялық қызметтер нарығы ғаламат әсер ететін иісмайлардан бастап, татуировка салынған аймақты отамен алып тастауға дейін татуировкаларды жоюдың көптеген әдістерін ұсынады. Дегенмен де, бәрінен тиімдісі әрі қауіпсізі – лазерлік әдіс.
Сонымен бірге лазерлердің әр түрлі болатынын анық түсінген жөн. Татуировканы СО2 лазермен жойған дұрыс емес, себебі сүйкімді татуировканың орнына Сіз 100% ықтималдықпен ұсқынсыз гипертрофикалық тыртық аласыз. Ұқсас жағдай ұзын импульсті неодты лазерлер төңірегінде байқалады: мұндай лазерлер теріні бүлдірмесе де, оны қатты қыздырады – тыртықты ақаулар тәуекелі соншалықты жоғары.
Татуировканы тиімді әрі қауіпсіз лазерлік жою үшін қысқа уақыт ішінде қуатты импульс түзетін жүйеге артықшылық беріледі - q-switched лазер. Татуировканы осындай жолмен жою кезінде пигмент бұзылады, ал тін қызып үлгермейді – асқыну қаупі жоқтың қасы! Сеанстан кейін теріде тыртықтар қалмайды, ал процедураның өзін пациент оңай көтереді.