Пигмент дақтарын түзету
Гиперпигментация – меланиннің артық өндірілу нәтижесі, ол күннің әсерінен, гормондардың ықпалымен пайда болуы немесе қабыну реакцияларының салдары болуы мүмкін. Көбінесе пигменттің жоғары құрамы иықта, қолдарда, мойында және кеуде тұсында кездеседі. Пигменттену учаскелерін, әдетте, күнді лентиго, қара немесе «бауыр дақтары», қал, мең, секпіл деп атайды.
Нышандары
Пигменттенудің пайда болуы жиі терідегі меланиннің жоғары белсенділігімен байланысты, көбінесе ол пигмент жасушалары – меланоциттер – меланинді көп өндіретін орындарда, яғни күн сәулесіне жиі ұшырайтын терінің ашық учаскелерінде пайда болады.
Туындау себептері
Барлық тері типтері гиперпигменттенуге бейім, бірақ ол терісі қара адамдарда жиі кездеседі. Жас келе меланиннің теріде біртекті таралуы бұзылады. Меланиннің артық өндірілуі терінің гиперпигментациясының қалыптасуына алып келеді, ол тиісінше түзетусіз теріде ұзақ сақталады. Гиперпигментацияның ең көп таралған себебі – қоршаған ортаның жағымсыз факторлары: күн сәулесі, төмен температура, жел. Сондай-ақ гиперпигментация әр түрлі гормондық бұзушылықтардың нәтижесінде пайда болады (жүктілікке, қалқанша безінің бұзылуына байланысты).
Басқа да себептер:
-
артық меланин өндіру тәрізді жанама әсері бар дәрілік препараттар;
-
тамақтанудағы өзгерістер;
-
бұрыс таңдалған косметика немесе басқа да тері күтіміне арналған құралдар (әсіресе құрамында спирт көп);
-
қабынуға алып келетін тері жабынының бүлінуі (әр түрлі жарақаттар, тістеп алулар, жаралар, күйіктер).
Пигмент дақтарын мына технология көмегімен жоюға болады:
HARMONY ЛАЗЕРЛІК ЖҮЙЕСІ
Бірегей лазерлік жүйе эпидермальды, сондай-ақ дермальды гиперпигментацияны жоюға қабілетті.
Беттің химиялық пилингі
Гиперпигментацияны азайту мақсатында қабыршақтанған жасушаларды түлету процедурасы.
Биоревитализация
Бірегей емдік процедера, оның арқасында гиперпигментация азайып, тері ылғалданады.
PRP-терапия
Инновациялық процедура текстураны жақсартып, жасушалық деңгейде гиперпигментацияны жояды.
Мезотерапия
Тері жарқыратудың және әр түрлі дәрумен коктейльдерінің көмегімен гиперпигментацияны жоюдың жылдам тәсілі.
Пигменттің пайда болуы және тереңдеу себептеріне байланысты біздің клиника дәрігері әрбір емделушіге жеке-дара гиперпигментацияны жою бағдарламасын құрастырады.
Гиперпигментацияны емдеу тәсілдерінен лазерлік әсер ету процедурасы тиімді болып табылады, оның мүмкіндіктері беткейлік әрі терең пигменттермен күресуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы проблеманы шешу үшін химиялық пилинг процедуралары да – эпидермистің жоғарғы қабатының түлеуі есебінен жарамды. Бірақ гиперпигментацияны емдеудегі ең заманауи әдіс – PRP-терапия: тромбоциттермен байытылған өзіндік плазма есебінен теріні жасартудың бірегей процедурасы. Сонымен қатар осы проблеманы шешу үшін гиалурон қышқылын енгізу негізіндегі әдістер де көмектеседі: мезотерапия, биоревитализация.