Микроток терапиясы

Микроток терапиясы (синонимдері: микролифтинг, қысқа импульсті электр ынталандыру, электр косметикалық тарту, беттің мимикалық гимнастикасы) – ағзаға күші аз (микроамперлер) және төмен қарқындылықтағы модульденген импульс токтарымен әсер етудегі кешенді тәсіл.
МИКРОТОКТАР:
-
Бұлшық еттерді ынталандырып, тұрақты лифтинг-әсер түзеді.
-
Лимфодренажды іске қосады.
-
Терінің жоғары сезімталдығы, купероз
-
Целлюлиттен арылтады
-
Терідегі және бұлшық еттердегі зат алмасу процестерін күшейтеді
Электр ынталандырудан өзгеше микроток терапиясы бұлшық еттердің көзге көрініп қысқаруын туғызбайды. Семіп қалған бұлшық ет талшықтарын қалпына келтіру жасушаішілік процестерді қалыпқа келтіру есебінен жүреді.
Микротоктардың әсерімен натрий мен калий иондарын қайта бөлу жүреді, ол мембраналық әлеуеттін ауысуына алып келеді. жасушаға жасушаішілік реакциялар толқынын іске қосатын қуатты физиологиялық белгі беріледі. Жасушаларға микротоктармен жеңіл «шаншу» оның функцияналдық белсенділігін іске қосады.
НЕЛІКТЕН МИКРОТОКТАР?
Микроток терапиясының электр ынталандырудан негізгі ерекшелігі – жасушаға әсер ету кезінде алғашқысының әдістерінің барынша тиімді болуында, ал екіншісі бұлшық еттерді ынталандыру үшін артығырақ.
Микротоктар тамыр қабырғасының тонусын өзгертіп, артериолдардың тегіс бұлшық еттеріне де әсер етеді. Осылайша, микротокпен ынталандырудың арқасында микроциркуляция жақсарады, ісік тезірек тарайды, жасушаларға қоректік заттар қалыпты жеткізіле бастайды.
Микроток терапиясы микроциркуляцияның жақсаруының арқасында әлсізденген немесе бүлінген бқлшық еттердің тонусын жылдам әрі тиімді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл әсер әсіресе эстетикалық медицинада маңызды, себебі нәтижелерді ұзақ сақтап, бет пен тұтас дененің отасыз лифтингіне жетуге көмектеседі. Айта кету керек, бетті тарту тек мимика бұлшық еттерін ынталандыру есебінен ғана емес, сондай-ақ дерманың коллаген талшықтарын жаңарту және қалпына келтіру нәтижесінде іске асырылады.