Тамырларды лазерлік жою
ТАМЫРЛАРДЫ ЛАЗЕРЛІК ЖОЮ
Қазіргі заманғы эстетикалық медицинаның және косметологияның тері ақауларын жою саласындағы жетістіктері расымен де шексіз көрінеді: фото- және лазеротерапия, химиялық пилинг, элос-коррекция... Барлық аталған тәсілдердің ішінде, мамандардың пікірінше, ең тиімдігі және қауіпсізі лазер болып табылады.
Лазердің әсерімен тіндерде табиғи физикалық процестер жүреді, олардың дәрежесі процедураны өткізу сәтіндегі тері жабынының күйіне тікелей тәуелді болады.
Лазеротерапия пигмент дақтары мен татурировкаларды жоюдың басқа әдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие, олар лазерлік сәуле бөлінудің әр түрлі емдік әсерлерімен шартталған: қабынуға қарсы, жабысқақтық, ісікке қарсы, ауыртпайтын, қайта түзетін, иммунтүрлендіргіш және т.б.
- Инвазиті емес;
- Инфекциялық қауіпсіздік;
- Қансыз;
- Ауырту сезімінсіз;
- Жоғары тиімділік.
Лазеротерапия, әдетте, жанаспайтын әдістен (қашықтықтан) өткізіледі, сол себепті тіндерді инфекциялау ықтималдығы болмайды. Сонымен бірге тері жабындарының тұтастығы сақталады, бұл процедураны өткізу орнында емдеуден кейін тыртық қалыптаспайтынын білдіреді. Бұған қоса, лазерлік сәулелеу қанайтын ұсақ тамырларды коагуляциялау (жабыстыру) қабілетіне ие, сол арқылы манипуляцияның қансыз өтуін қамтамасыз етеді. Лазердің ауыртпайтын әсері жергілікті анестетиктерді қолданудан бас тартуға мүмкіндік береді, бұл аллергиялық реакциялардың туындау қаупін болдырмайды. Ақырында, бірінші көзге көрінетін нәтижені бірінші сенстан кейін байқауға болады, ал толық емдеу курсын аяқтағаннан кейін – ұзақ, көптеген жылдарға сақталатын әсер (татуировканың немесе пигмент дағының толық жойылуы).
Қарсы көрсетілімдер
Татуировкаларды және пигмент дақтарын жою процедурасының қарсы көрсетілімдері бар, оларды дәрігер пациентті тексеру кезінде анықтай алады.
- Терідегі жаңа түзілулердің, соның ішінеде қатерсіздерінің ракқа ұласу үрдісі бар;
- Қан жүйесінің және қан тамырларының аурулары (қан ұйытудың төмендеуі, қан кетулерге бейімдлгіштік);Асқыну кезеңіндегі инфекциялық аурулар;
- Процедураны өткізу орнындағы қабыну процестері;
- Өткір жүрек-тамыр патологиясы;
- Бауыр немесе бүйрек жетімсіздігінің ауыр түрі;
- Орны толмайтын қант диабеті;
- Психикалық бұзушылықтар (шизофрения, психоздар);
- Жүктілік және емізу кезеңі;
- Басқа да жеке ерекшеліктер.
Егер косметолог дәрігермен консультация барысында лазеротерапиияға қарсы көрсетілімдер анықталмаса, Сіз емге кірісе аласыз. Тері ақауын толық жою үшін 3-4 апта аралығымен 1-8 сеанс қажет болады. Бір процедураның ұзақтығы жарты сағаттай құрайды (өңделетін учаскенің ауданына байланысты). Сеанстан кейін дәрігер тері күтімі бойынша қажетті ұсынымдар береді. Емдеу нәтижесі оларды дұрыс орындауға тікелей байланысты. Сондықтан маманның кеңестерін қатаң сақтаңыз, ал санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын біз қамтамасыз етеміз!
Тамыр жұлдызшаларын жою
Аяқтардағы тамыр жұлдызшалары – қылтамырлардың кеңею нәтижесі (тін және қан арасындағы айырбас процестеріне жауап беретін ағзадағы жіңішке қан тамырлары). Қан тамырлары созылып, теріде байқала бастаған кезде, бұл – дәрігерге көріну және патологиялық процесті анықтау керектігі жайлы бірінші белгі.
Пайда болу себептері:
«Тамыр жұлдызшалары» әр түрлі себептермен пайда болуы мүмкін:
- Гормоналдық аяның бұзылуы;
- Карқынды физикалық жүктемелер;
- Биік өкшелі аяқ киім кию;
- Генетикалық бейімделгіштік.
Бұл себептер тамырларға қанның келуін күшейтеді, әлсіз тамырлар қатты қысымға төтеп бере алмай, созыла бастайды және тері бетінде пайда болады. Әдетте, тамыр жұлдызшаларының пайда болуы варикоз ауруының бірінші нышандары болып табылады. Сол себепті осы проблеманы косметологта емдеу алдында флебологтың консультациясы қажет.
Процедураның нәтижелері:
Бұл процедура 3-5 сеанстан тұратын курстық болып келеді, процедуралардың санына тамыр түзілулерінің жалпы ауданы мен көлемі, олардың жату тереңдігі және пайда болу мерзімі әсер етеді. Көбінесе бір процедура кезінде диаметрі бір миллиметрге дейінгі тамырлар жойылады. Егер бір процедура жеткіліксіз болса, 4-6 аптадан кейін қайта өткізіледі.
Тамыр жұлдызшаларын емдеу:
Егер тексерілу нәтижесінде ірі тамырлар қалыпты болса, косметолог дәрігер оларды қазіргі заманғы лазердің көмегімен бірнеше сеанс ішінде жояды.