Dermadrop TDA аппаратындағы процедура
Dermadrop TDA аппаратындағы мезотерапия инені қолдануды көздемейді, бірақ дәстүрлі мезотерапияға ұқсас нәтиже береді. Оттегі қысымының (2 атм. дейін) және препараттың аса ұсақ тамшы өлшемдерінің арқасында әр түрлі заттар теріге барофорез көмегімен ауыртпай жеткізіледі. Өңделген аймақта оксигенацияның артуы тіндердің қалпына келу процестерін жылдамдатады, жасушалардың функционалдық және метаболистік белсенділігін қалпына келтіреді, жергілікті иммунитетті күшейтеді, уытсыздандырғыш және бактерияға қарсы әрекет етеді.
Dermadrop TDA әдісінің сипаттамасы:
Бұл – дыбыстан да жоғары жылдамдықпен енгізілетін гиалурин қышқылының негізіндегі ұсақ дисперсті субстанциялардың оксибарофорезінің үйлесімі. Терінің ең терең қабаттарына ене отырып, препараттар қоректендіреді, ылғалдандырады, регенерация процестеріне әсер етеді, терінің микроциркуляциясын жақсартады, айналым процестерін күшейтеді, бүлінулерді жояды, агрессияшыл косметикалық процедуралардан кейін оңалту кезеңін қысқартады, терінің мерзімінен бұрын қартаю белгілерімен және акне проблемасымен күреседі. Әрекет ететін микроэмульсиялар арнайы картридж-капсулаларға салынған. Барлық ингредиенттер липосомалды нысандағы «майдағы-су» және «судағы-май» эмульсиясы түрінде берілген.
ҚОЛДАНУҒА КӨРСЕТІЛІМДЕР:
-
Терінің жасқа байланысты өзгерістері (тері түсінің өзгеруі, ұсақ әжімдер)
-
Терінің құрғақтығы, ылғалсыздануы
-
Терінің сезімталдығының артуы, купероз
-
Гиперпигменттену
-
Асқыну кезеңіндегі акне, постакне
- Агрессияшыл косметологиялық процедуралардан кейін теріні қалпына келтіру
Қарсы көрсетілімдер:
Препараттардың ингредиент құрамына жеке төзбеушілік.
ПРОЦЕДУРА КЕЗЕҢДЕРІ:
-
ДЕМАКИЯЖ, ТАЗАРТУ
-
БЕТКЕЙЛІК ЭКСФОЛИАЦИЯ
-
DERMADROP TDA ПРОЦЕДУРАСЫ
-
ПРОЦЕДУРАДАН КЕЙІНГІ ИІСМАЙ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
-
БІРІНШІ ПРОЦЕДУРАДАН КЕЙІН БАЙҚАЛАТЫН НӘТИЖЕ
-
АУЫРУ СЕЗІМІНСІЗ ПРОЦЕДУРА
-
АБСОЛЮТТІ ҚАУІПСІЗ ПРОЦЕДУРА
-
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРДІҢ БОЛМАУЫ
-
ШҰҒЫЛ ПРОЦЕДУРА 2:49-ДАН 9:44 МИНУТҚА ДЕЙІН СОЗЫЛАДЫ
-
КЕШЕНДІ ҚҰРАМ, КӨПТЕГЕН МІНДЕТТЕР ҮШІН БІР ПРЕПАРАТ
Қажетті сеанстар саны терінің жай-күйіне байланысты анықталады. Әдетте, 10-12 сеанс талап етіледі, жиілігі – аптасына 2 рет; қолдаушы курс – 3 айдан кейін аптасына 1 рет.