Шаш және бас терісінің күтімі
Күтім көрсетілген, әдемі шаш – сау таза тері, мінсіз күлкі тәрізді қазіргі заманғы адам имиджінің маңызды құрамдасы. Заманауи адам жағымсыз факторлардың әсеріне үнемі ұшырасады (күйзелістер, нашар экология, сапасыз су), олар шаштың жай-күйіне теріс ықпал етеді.
Шаш саулығын тек дұрыс күтім көмегімен ғана емес, сондай-ақ теңгерімді тамақтану, ауыз су режимін ұстану, дәрумендер кешенін қабылдау, ұйқы және тынығу режимі көмегімен сақтау қажет.
Бас терісінің және шаштың дұрыс күтімі сусабынды дұрыс таңдаудан басталады. Сусабынның негізгі қызметі – бас терісін тазарту. Сол себепті сусабынды бас терісінің типі бойынша таңдаған маңызды. Ол дерматологиялық тестіленген құрал болғаны абзал. Басты жуу үшін су да маңызды болып келеді. Қатты су көптеген еріген тұздардан тұрады. Мұндай сумен жуғаннан, теріде ылғал буланғаннан соң, шаш өзектерінде тұз қалып, ол терінің ылғалсыздануына жәрдемдеседі, қайызғақтың, себореяның пайда болуына алып келеді. Сондықтан басты сүзілген сумен жуған немесе шаю үшін таза су пайдаланған жөн: шаюға арналған 1 литр суға бірнеше лимон тамшысын немесе 0,5 шай қасық сірке қышқылын қосуға болады. Бұл суды қышқылдап, жуғыш құралдан (сусабыннан) кейін сілтілі РН-ты бейтараптандыруға көмектеседі. Шаю үшін шөптердің қайнатпасын да қолдануға болады (қалақай, түймедақ). Мезгіл-мезгіл жеміс қышқылдарының көмегімен (құрамында салицил қышқылы да болуы мүмкін) бас терісінің химиялық пилингі процедурасын пайдалануға болады. Бұл бас терісін жансыз мүйізді қабықшалардан, шаш фолликулаларының ауызындағы майлы-мүйізді тығындардан босатады. Осындай процедурадан кейін терінің микроциркуляциясы жақсарады, май бездерінің жұмысы қалыпқа келеді, тері «тыныстай бастайды». Шашты жуғаннан кейін ол түкті сүлгімен жұмсақ сүртіліп кептіріледі. Фенмен кептірмеуге тырысыңыз, қолдана қалған күнде, шашқа арналған термоқорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Бүгінде танымал болған шашқа арналған үтіктер мен шаш бұйралағыштар шаштың өзегін бүлдіріп, ондағы суды булайды. Сол себепті шашты безендірудің бұл түрін барынша сирек қолданған жөн. Сау, жақсы шашқа ие бола отырып, бас терісінің мезотерапиясы, биоревитализацисы курстарынан өту үшін трихологке ара-тұра көрінген дұрыс, себебі олар күтімді бет терісінен кем емес қажетсінеді.
Алопеция – шаштың түсуі
Қалыбында ересек адамда тәулігіне 100-ге дейін шаш түседі. Егер одан көп түссе және жаңа шаштың өсуі түскен шаштың орнын толтырмаса, уақыт өте шаш сирей түседі. Шаштың түсу себептері көп. Олардың ішінен ең кеңінен таралғандарын қарастырайық.
1. Андрогенді алопеция
Бұл таздану түріне ерлер де, әйелдер де душар. Ерлер үшін андрогенді алопеция – физиологиялық құбылыс болса, әйелдер үшін бұл гормоналдық бұзушылықты білдіреді.
Ерлерде шаштың бұл түсу түрі маңдай-төбе аймағына, самайға қатысты болады. Ал желкеде шаш жолағы сақталады. Бұл осы шаш түсу аймақтарында бас терісінде L-5 редуктаза ферментінің белсенділігі жоғары болуымен түсіндіріледі. Бұл фермент қандағы тестостеронды дегидротестостеронға айналдырады, ол фолликул шаштарының дистрофиясына және соңғы сатыларда шаш фолликулаларының жансыздануына себепкер болады. Мұндай шаш түсу, әдетте, атадан балаға беріледі (генетикалық бейімділік). Тазданудың бұл түрін емдеуді уақытылы бастап тоқтатуға болады. Емдеуді тағайындау алдында емделуші міндетті түрде тексеруден өтеді (гормоналдық ая, андрологтың консультациясы). Емдеуді тоқтатқаннан кейін шаштың түсуі қалпына келеді. Шаш елеусіз түскен кезде және желке-самай аймағында (донорлық аймақ) шаштың өсуі сақталғанда, шашты трансплантациялау (ауыстырып орналастыру) мүмкін болады.
Әйелдерде андрогенді алопеция әрқашан гормоналдық бұзушылықтар аясында өтеді. Сондықтан себебін тауып, оны мұқият емдеуге көшкен маңызды. Әйелдерді андрогенді алопеция кезінде шаштың алдыңғы өсу сызығы сақталады және шаштың түсуі қатты сиреу түрінде көрінеді.
2. Дифуздық алопеция
Бұл - бастың барлық тұсында шаштың біртекті түсуі. Шаш, нақтырақ айтқанда, шаш фолликулалары – жасушалар ақуыз (кератин) өндіретін және үнемі бөлінетін тұтас фабрика. Айына шаш орташа алғанда 1,5-2 см-ге өседі. Әрбір шаш фолликуласына өз тамырымен қан келеді. Сол себепті бұл фабрика ағзадағы кез келген ақауларға өте сезімтал.
Шаш ақуыздың, микроэлементтердің, дәрумендердің жетіспеушілігіне өткір жауап әрекет береді. Сондықтан теңдестірілмеген рацион шаштың түсуіне әсер етеді.
Эндокринді жүйе жұмысындағы істен шығу белгілі бір зат алмасудың бұзылуына, сондай-ақ шаштың түсуіне де алып келуі мүмкін.
Өткір қабыну процестері, лихорадты күй, улану шаш түсуінің күшеюіне алып келеді. Мысалы, жалпы наркоздан, ауыр өтетін ӨРВА-дан кейін 2 айдан соң шаш күшті түсе бастауы мүмкін. Скальп терісін, демек, шаш фолликулаларын қоректендіретін тамырдың күйі де шаш саулығы үшін маңызды. Мысалы, мойын бөлігінің остеохондрозы кезінде шаштың жаппай түсуі күшеюі мүмкін. Сол себепті осындай проблема пайда болған кезде трихолог дәрігерге көрінген маңызды. Арнайы камерада фолликулалардың жағдайы, бас терісінің жалпы жағдайы бағаланады, қажетті тексерулер мен ақылға қонымды емдеу тағайындалады.