Бас терісінің диагностикасы
GEN87 - Астана клиникасы шаш пен бас терісін емдеудің дәрігер-трихологтар әзірлеген жаңа технологияларын ұсынады: таздану, шаштың түсуі, қайызғақтың түзілуі, қышыну мен бас сезімталдығының пайда болуы, шаш құрылымының өзгеруі. Клинаның пайдалануындағы диагностикалық жабдық проблемалардың себептерін шүбәсіз анықтап, тиімді емдеу тағайындауға мүмкіндік береді.
Шаш фолликуласының күйін диагностикалау және шаштың түсу себептерін анықтау үшін біз фототрихограмманы, сондай-ақ компьютерлік микро-бейнедиагностика әдісін қолданамыз. Клиника дәрігерлері кешенді шешім ұсынады, бастың шаш жабыны мен терісінің жағдайына тестілеу жүргізіп, бағалайды, сонымен қатар шаш күйінің бұзылу себептерін анықтау үшін гастроэнтеролог, дерматолог, эндокринолог, диетолог дәрігерлерден консультация алуға кеңес берілуі мүмкін.
Консультациялар барысында трихолог бас терісі мен шаш өзектерінің жағдайына, май бездерінің жұмысына кешенді бағалау жүргізеді, анықталған бұзушылықтардың себептерін айқындайды. Шаштың даму және өсу процестері гормоналды жаңылысу, күйзелістер, кей дәрі-дәрмектер топтарын қабылдау, шамадан тыс инсоляция салдарынан бұзылуы мүмкін. Ағзада дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі бас терісі мен шаштың жай-күйіне әсер етуі мүмкін. Біздің мамандар алопеция, қайызғақ, себорея, гипертрихоз, бастың шаш бөлігінің фолликулиті, шаштың сиреуі, сынғыштығы, жарқылдың жойылуы тәрізді проблемаларды сәтті шешеді.
ШАШТЫҢ ТҮСУІН және БАС ТЕРІСІН ЕМДЕУ
- Шаштың тіршілік циклдері:
- Анаген (өсу фазасы) – бірнеше жылға созылады;
- Катаген (аралық) – шаш түсуге дайындалады, фолликул көлемі азаяды;
- Телоген (түсу фазасы).
Қалыпты күйінде әр түрлі сатыларда болатын шаш фолликулаларының арасында теңгерім сақталады, бірақ егер бұл теңгерім бұзылса, онда шаш санының азаюы және таздану байқалады. Шаштың түсуі (таздану) – бұл медициналық проблема және оның шешімімен – емдеуімен трихология саласында біліктілігі бар маман (трихолог дәрігер) айналысады. Маман таздануды медикаментоздық, инъекциялық және физиотерапевтік әдістердің үйлесімімен емдейді.
Трихологияда емдеу инъекциялық және аппараттық процедуралардың көмегімен іске асырылады, арнайы кәсіби күту құралдары қолданылады.