Интралипотерапия
«Aqualyx» препараты пайдаланылатын интралипотерапия әдісі – жергілікті май қыртыстарын отасыз жолмен түзетудің ең жаңа технологиясы іштегі май қыртыстарын отасыз жоюда алтын стандартқа айналды. Қазіргі уақытта «Aqualyx» - анық арықтау кезінде жойылмайтын май «тұзақтарының» көлемін іріктемелі әрі біртіндеп азайтуға қабілетті жалғыз инъекциялық препарат.
«Aqualyx» - үш өлшемді галактозадан тұратын, сорғыш ретінде әрекет етіп, май тіндерін бұзатын 3 альфаны, 12 альфа-дигидроксиді – 5 бета – 24 дезоксихолен қышқылын, натрий тұзын іліп алатын ерітінді.
Ерітіндінің осы комбинациясы біртіндеп, мөлшерлі түрде, демек, препаратты тіндерге одан әрі әсер ету үшін қауіпсіз босатуға мүмкіндік береді. Артық салмақпен күресуге және мінсіз пішіндергі құрылымдауға арналған ортақ бағдарламаға кірігіп, «Aqualyx» орны толмаған буынды алып, диетолог пен физиотерапевтке аппаратты тәсілмен ғажайып жасауға көмектеседі.
«Aqualyx» метоболит бола отырып, препараттың адам ағзасымен толық биологиялық сәйкестігін қамтамасыз етеді. Анық бейнеленген нәтижиелерді алу үшін кемінде 20 күн аралығымен 2-5 сеанс алу қажет.
ЕНГІЗУ АЙМАҚТАРЫ:
- Қолдың жоғарғы бөлігі;
- Арқадағы қыртыстар;
- Қарын;Бүйірлер;
- Галифе;
- Бөксенің сыртқы беті;
- Бөксенің ішкі беті;
- Қосалқы иек;
- «Енеке өркеші».
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР:
- Жүктілік және емізу;
- Асқыну кезеңіндегі инфекция;
- Қан ұюының бұзылуы;
- Декомпенсация сатысындағы аутоиммундық аурулар;
- Созылмалы немесе өткір бауыр аурулары;
- Бүйрек жетіспеушілігі;
- Май басу;1-типті диабет;
- Жүрек аурулары;
- Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар.
ЫҚТИМАЛ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР:
- Күйдіру (процедурадан кейін 5-10 минут жалғасады);
- Қышыну (қысқа уақытты);
- Қызару (бірнеше сағат);
- Гематомалар (бірнеше күн);
- Сирек жағдайларда тері бүдірлігі пайда болуы мүмкін, ол 5-10 күн ішінде өз бетімен кетеді.
ПРОЦЕДУРА ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
- Тік қалыпта орналасқан пациентке препаратты енгізу аймағына белгі жасалады.
- Түзету аймағы асептикалық ерітіндімен өңделеді.
- Препарат 8 мл «Aqualyx»-ке 0,2 м есебінен 2% лидокаинмен ерітіледі.
- Ерітіндіні интралипотерапия үшін арнайы инемен енгізеді.
- Пациент бес минут көлденең қалыпта болуы тиіс, енгізу аймағын уқалауға болмайды.
Процедурадан кейін пациент тура күн сәулесіне шықпауы тиіс. 10-14 күнге хауызды, жылу әсерін болдырмау керек. Инъекциядан кейін 2-7 күн компрессиялық іш киім киюге кеңес беріледі.