Celltense
ЦЕЛЛЮЛИТ
НАНОТЕРАПИЯСЫ
CELLTENSE®
Алтын наномолекуласындағы
болашақ технологиясы
CELLTENSE® НАНОТЕРАПИЯСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Celltense® препараттары целлюлиттің пайда болуының басты себебі – коллаген талшықтарының бұзылуына әсер етеді. Сфера пішіндес алтын нанокристалдар дәнекер тінін жаңадан жасап және RF-аппараттың әсерін сан мәрте күшейте отырып, дермаға және гиподермаға енеді. Қыза келе, алтын бөлшектері май тініне кіріп, май қыртыстарын қауіпсіз әрі тиімді түрде жояды.
НАНОТЕРАПИЯ 3 БАҒЫТТА ӘСЕР ЕТЕДІ:
Сіз Celltense® целлюлитке қарсы бағдарламасынан кейін теріңіздің қаншалықты тегіс бола түсетінін сезіну үшін - журналдың жылтыр бетін қолмен сипалап көріңіз.
НЕЛІКТЕН CELLTENSE® ТЕХНОЛОГИЯСЫ БІРЕГЕЙ?
CELLTENSE®: ТЕРІНІҢ ТАҢҒАЛАРЛЫҚ ТЕГІСТІГІ ЖӘНЕ МІНСІЗ БЕДЕР
CELLTENSE® ЦЕЛЛЮЛИТКЕ ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
1. Диагностика
Процедура алдында дәрігер целлюлит сатысын диагностикалап, оңтайлы ем жүргізу сызбасын анықтайды.
2. Celltense® наносарысуы + RF

Теріге Celltense® сарысуы жағылады, ол тері құрылысына лезде әсер ете бастайды. «Ақылды молекулалар» терең қабаттарға еніп, аппарат энергиясын таңдаулы әрі қуатты өткізеді. Май жасушалары бұзылады. Тері тартылып, серпімді бола түседі.
3. Celltense® үй терапиясы

Нәтижелерді жылдамдатуға Celltense® үй наноиісмайы - Anti-Cellulite мүмкіндік береді. Ол теріге таңғаларлық тегістік беріп, тәулік бойы неоколлагенезді ынталандырады.
Целлюлиттен құтылыңыз! Сіздің мүсініңіз мінсіз бола түседі!
Қарсы көрсетілімдер
- Онкология, қатерсіз ісіктер
- Созылмалы аурулардың асқынуы
- Вирустық инфекциялар, ӨРВИ
- Жарақаттар, әсер ету аймағында тері жабынының бұзылуы



Неліктен целлюлиттен құтылу үшін арықтау жеткіліксіз?
«Апельсин қабығы» әсері екі фактор үйлескенде пайда болады: проблемалық аймақтарда май қыртыстарының түзілуі және тері серпімділігінің төмендеуі, соңғысының міндеті – тері асты-май жасұнығын қолдап тұру. Нәтижесінде шұңқырлар мен бұдырмақтарды байқауға болады. Арықтау жиі целлюлиттен құтқармайды, себебі жергілікті май қыртыстары сақталып, дәнекер тін әлсіздігін сақтайды.
Сelltense® нанотерапиясы проблемаға нысаналы әсер етуге мүмкіндік беріп, бір курс ішінде целлюлитке әкелетін екі себепті жояды.
Celltense® целлюлитке қарсы бағдарламасынан кейін қалпына келуге уақыт қажет пе?
Оңалту талап етілмейді. Сіз бірден үйреншікті стиліңізге қайта оралып, тіпті демалысты жоспарлай аласыз.
Celltense® процедураларынан әсер қашан пайда болады?
Терінің тамаша жібектігін Сіз Сelltense® алғашқы сеансынан кейін-ақ сезінесіз. Аптасына 1 рет аралығымен алты процедура ішінде теріңіз серпімді, тығыз бола түсіп, артық май тінінен арыласыз. Нәтиже Сізді таңғалдырады!