Accent
ДЕНЕГЕ ЕКПІН ЖАСАУ
Енді ешқандай диеталарға, жаттықтыру құрығыларына және нәтижесіз әдістерге жол жоқ!
GEN 87 Accent Prime аппаратын ұсынады.
Мінсіз дене пішініне деген мүлдем жаңа тәсіл.
Әлем мойындаған аппарат денені түрлендіру стереотиптерін жояды. Accent Prime революяциялық жүйесі пластикалық отаның, фитнес пен қатаң диеталардың орнын басты. Енді ешбір шектеусіз! Бірегей жүйенің басты артықшылығы – жоғары дәлдік ультрадыбыс пен радиожиілік дуэтінде. Дәл осындай одақ артық килограмдармен және целлюлитпен аяусыз күреседі.
Сіз Accent Prime таңдайсыз, себебі:
Бірегей платформа Сіздің процедурадан күтетін нәтижелеріңізден асып түсу үшін, әр түрлі радиожилікті әрі ультрадыбысты технологияларды біріктіреді;
Алдыңғы қатарлы әзірлеме тиімді әрі терінің барлық типтері үшін қауіпсіз;
Ауыртпайтын процедура бір сеанстан соң таңғаларлық нәтиже береді;
Бір сеанстың көмегімен Сіз денедегі бірнеше проблеманы бірден шеше аласыз.
Барлық тұрғыдан мінсіз аппараттың тереңдікті бақылауы және роликті массажері бар, олар қысқа уақыт аралығында барынша тиімді нәтижелерге жетуге жәрдемдеседі.
Accent Prime - Сіз үшін таптырмас құрал, егер Сіз:
Артық салмақты жойғыңыз келсе. Жергілікті май қыртыстарын жояды. Сыртқы әсерден басқа, ақылды жүйе денені түрлендіруге бағытталған ішкі процестерді де іске қосады. Сонымен бірге бірнеше технологияларды үйлестіру бірреттік ықпал етуге ғана емес, сонымен қатар анық бейнеленген әсерді ұзарту үшін алмасу процестерін жылдамдатуға арналған;
Целлюлиттен құтылғыңыз келсе. Жоғары жиілікті RF бір процедурадан кейін анық байқалатын целлюлитке қарсы әсер етеді;
Қуатты лифтинг-әсер жасағыңыз келсе. Тіндерді өңдеудің бірегей технологияларының арқасында өңдеу аймағында көлем азая отырып, теріні тарту ынталандырылады. Тері асты-май деңгейінде жұмыс істеп, жүйе алмасу процестеріне жағымды әсер етеді. Сонымен бірге тері серпімдікке ие болады;
Мүсінді түзеткіңіз келсе. Аппарат мұны Сіздің қалауыңыз бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. «Галифені», «бүйірлерді» және Сіздің мүсініңіздің өзге де «ерекшеліктерін» ұсынылған жаңашыл техологиялардың көмегімен жояға болады;
Терідегі созылуларды жою. Босанудан кейінгі тері созылулары немесе кенет арықтаудан пайда болған созылулар болған кезде израильдік әзірлеушілердің әдістемесі Сізге мінсіз дене пішіні мен өзіңізге деген сенімділік сыйлайды.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Accent Prime нақты проблемалық аймақ бойынша жұмыс істейді.
Accent Prime жүйесі артық май мен тері болбырлығын жою, дене пішіні мен контурларын жақсарту үшін үйлестірілген технологиялар қуаты мен тиімділігін пайдаланады. Ультрадыбыстық және радиожиілікті технологиялар кешені үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
RF энергиясы тікелей ағза тіндеріне беріледі.
Инновациялық әдістемелер қажетті тіндердің радиожиілікті энергияны барынша жұтуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Артық килограмдар түзетін май қышқылдарының босатылуы жүреді.
Клиникалық тұрғыдан дәлелденгендей: Accent Prime бәсекелестерінен 40 рет қарқындырақ және бүгінгі күні ең максималды қуатты ұсынады!
GEN 87-дегі соңғы инновациялар – денені ғажайып үлгілеуге арналған бірегей әдістер:
UniBody
Патенттелген технология терінің әр түрлі деңгейлеріндегі тіндерді нысаналы түрде, қауіпсіз әрі терең қыздыруға жәрдемдеседі. Әдісте алынбалы айналатын массаж сақинасы қолданылады, ол тері асты қабаттарын қыздыру және тіндердегі циркуляцияны ұлғайту үшін қызмет етеді.
Нәтиже: целлюлиттің жойылуы, тартылған тері, дене көлемінің кішіреюі, «галифенің» жойылуы, санның, бөксенің ішкі аймақтарының және бөксе асты аймағының тартылуы, қолдардың тартылуы.
Ultra Speed
Суық ультрадыбыстық толқын таңдалған учаскеге нысаналы әрекет етеді. УД энергия май қышқылдарының бұзылуын туғызады. Манипулятор аса жылдам әрекет етеді, ол қысқа уақыт аралығында дененің көп учаскелерін өңдеуге мүмкіндік береді.
Нәтиже: жергілікті май басулардан жойылу, лифтинг әсер, целлюлитке қарсы әсер.
Сізге қай әдістің сәйкес келетінін білу үшін, біздің маманнан кеңес алыңыз.
Қарсы көрсетілімдердің болуы туралы біздің маманнан консультация алыңыз.
Accent Prime денені аппараттық түзету туралы жаңсақ пікірлерді бұзады:
Жоғары жиілікті жүйе үздік нәтижелерді қамтамасыз ететін терең, біртекті қыздыру жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар ауырлық сезімдері мен жайсыздық келтірмейді.
Нәтижелер таңғалдырарлық. Accent Prime аппаратында дене пішінін үлгілеу мен түзету нәтижесін пластикалық отамен салыстыруға болады.
Көзге көрінетін проблемаларды ғана жояды. Процедура іштегі, сандағы, бөкседегі целлюлиттен арылуға көмектеседі. Сондай-ақ ол тері серпімділігін ұлғайту, дене көлемін азайту мақсатында пайдаланылады. Көзге көрінерлік әсерден басқа, жүйе жалпы арықтауға жәрдемдесе отырып, ішкі алмасу процестеріне әсер етеді.